Ауыл шаруашылығы

Мемлекеттік қорға астық сатып алу

 

 

 

 

 

 Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шаруалардан мемлекеттік қорға тек үшінші классты бидайды сатып алады. Қор ішкі нарықтағы ұн және ұн өнімдерінің бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік бермек. Бидайдың бір тоннасына белгіленген баға 26 мың 500 теңге көлемінде.

  Есжан Оразалин, “Азық- түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ СҚОӨ директоры:
-Ағымдағы жылы республика мемлекеттік қорға 2 млн тонна астық сатып алады. Ал өңірімізге берілген квота 620 мың тонна. Қазір жұмыс жасап, аудандарға шығып жатырмыз. Жоспарды орындаймыз.

Қазіргі кезде корпорацияның облыстық өкілдігіне шаруалардан  99 тапсырыс түсті. 15 мың 500 тонна астық сатып алынды. Диқандармен есеп айырысу да жылдам рәсімделеді. Әзірге мемлекеттік қорға өңір шаруаларынан алынған астықтың 3 мың тоннасының ақшасы төленді. Мамандар биылғы қуаңшылықтың егінге кері әсерін тигізіп, көрші елдердің қамбаларын құрғатып кеткенін айтады. Сондықтан алдымен мемлекеттік қорды қамтамасыз етуді барлық шаруа ойлағаны абзал.
 

Дана Ғизатова