Әр түрлі

Еуропалық автошеру Петропавлға жетті

 

 

 

 Шеру қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Бұнымен олар балама энергия көздеріне назар аударып жатыр. Бастама Луис Пальмердікі.  Кәсіпқой  автосайыскерлерден құралған оның командасы түрлі климаттық жағдайларда электр машиналарын сынайды. Үш доңғалақты төрт шағын көлік Германия, Австрия, Венгрия, Украина және Ресей елдерін басып өтіп,  Қытайға бет алды. Одан кейін олар мұхитты кесіп, Американы шарлайды. Мәре сызығын Женевада кеседі.