ТКШ

Су құбырлары келесі аптада дәріленеді

 

 

 

 

 

 

 “Петропавл су” АҚ ақпараты бойынша, тұрғын үй және шаруашылық нысандарына  ауыз су беру қыркүйектің 18 -і, жұмадан сенбіге қараған түні тоқтатылып, қыркүйектің 19-ы, жексенбі күні 23:00 -ге дейін құбырларды дәрілеу шаралары жүргізіледі.  Өзгерістің себебі жайлы аталған кәсіпорынның бас инженері Сергей Визеров айтты.

  Сергей Визеров,  “Петропавл су” АҚ бас инженері:
– Өзгеріс кешегі дауылды желге байланысты. Біз бірқатар кемшіліктерді байқадық. Енді осы олқылықтарды суды тоқтату кезінде жоямыз. Қазір бізге дайындық үшін бір апта жеткілікті.