Қоғам

Гендерлік теңдік

 

 

 

 Бүгінгі жиынның қонақтары денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері. Қазіргі қоғамда осы салаларда еңбек ететіндердің басым бөлігі әйелдер. Семинарға қатысушылар арасында ертеден қалыптасқан осы үрдісті қолдаушылар да бар. Дегенмен саясатқа бел шеше араласып, ерлерден кем түспеу қажет деушілер де табылды.

  Әсел Нұрғалиева,  №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
-Әйелдер де ер адамдар сияқты мемлекеттік қызметте жұмыс атқара алады. Олар ер адамдардың көлеңкесінде қалып қоймауы тиіс. Әйелдерге қатысты гендерлік саясатты әлі де жүзеге асыруға тиіспіз.

Бұл «Таным» әйелдер ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылып отырған алғашқы жиын емес. Енді атқарылған істерді қорытындылап, шешім шығаратын кез келді дейді ұйымдастырушылар.

  Наталья Кудинова, «Таным» әйелдер ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры:
-Бүгінде әйел адамдардың олар үшін бұрын жат болып саналған мамандықтарға деген қызығушылықтарын ояту керек.
Оның ішінде бизнес, өнеркәсіп, металл өндіру сияқты салалар бар. Біздің түсінгеніміздей, қазірде саясатқа араласқысы келетін белсенді әйел адамдар  өте көп. Соларға жол ашу қажет.


  

Кәусар Аяпбергенқызы