Балалар

Депутаттардың көмекшілері

 
Қалалық мәслихат депутаттарына барлығы 20 көмекші қызмет көрсетеді. Олар сайлаушылармен кездесіп, тікелей жұмыс істейді, дейді ұйымдастырушылар. Белсенділер гуманитарлық-техникалық және жоғары оқу орындарының студенттері. Жобаның жетекшісі Сергей Беловтың айтуынша, көмекшілердің кандидатуралары қатаң шарттар бойынша таңдап алынды.

Сергей Белов,  “СҚО белсенді жастары” ЖҚБ төрағасы:
 – Шарттар көрсетілген қағаздарды біз барлық оқу орындарына жібердік. Ал бұл мекемелердің жетекшілері өздерінің белсенді студенттерін ұсынды. Жұмыс аса жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан қабілетті жастарды таңдадық.

Мұндай жоба өңірімізде алғаш рет жүзеге асып отыр. Алайда депутат көмекшілерінің корпусы 2008 жылы да жұмыс істеген. Ол кезде “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы 30-дан  астам студентті дайындапты. Ал қазіргі таңда көмекшілерді топ-топпен оқыту қарастырылған.

  Сергей Белов,  “СҚО белсенді жастары” ЖҚБ төрағасы:
 – Біздің қаламызда бұрын-соңды мұндай жоба болған жоқ. Қостанайда және тағы да басқа өңірлерде аталған бастамалар сәтті жүзеге асты. Ал біз үшін бұл жаңашылдық. Соған қарамастан, жастар депуттарға олардың қызметін атқару үшін көмек көрсете алады деген ойдамыз.

Белсенді студенттерді жеті ай бойы оқыту жоспарланған. Бүгінде көмекшілер дайындық мерзімінің жартысынан өтті. Осы уақыт аралығында жас көмекшілер депутаттармен бір мәрте ғана кездесіпті. Ал кезекті семинарға халық қалаулылары келмей қалды. Түрлі мәселемен жүрген депутаттардың уақыты тығыз. Соған қарамастан болашақ көмекшілердің жоспарлары ауқымды.

  Самал Ақанбаева, қалалық мәслихат депутатының көмекшісі:
– Студент өзінің болашағын құру үшін белсенді болуы тиіс. Сондықтан мен осы жобаға қатысып отырмын. Депутатпен бірге жұмыс істегенде, меніңше, өмірлік тәжірибе аласы
ң. Халық қалаулысы жұмыстарының қыр-сырын меңгересің.

Жас белсенділер оқу мерзімі аяқталған соң депутаттармен жиі кездесіп, оларға қажетті көмек көрсетіп отырамыз деп сенеді.

 Жасын Біркенов