Ауыл шаруашылығы

Облыста астықтың жартысынан астамы жиналды

 

 

 

 

Астық бастырудан  Тайынша ауданы көш басында келеді. Бұл өңірдегі диқандар осы күні астықтың 84 пайызын бастырған. Мағжан Жұмабаев ауданында бұл көрсеткіш 81 пайызды құрайды. Қыркүйектің жетісіне дейін облыста 3 млн тонна бидай соғылған. Гектар берекелігі орта есеппен 10,1 центнерден айналуда. Қызылжар ауданында одан да жоғары  – диқандар гектарынан 13,5 центнер астық жинап жатыр. Ақжар ауданында гектар берекелігі – 13,1 центнерді құрайды. Үздік үштікке  мамлюттіктер  енді  – бұл ауданда агроқұрылымдар  гектарынан 12,8 центнер астық жинап алды.  Ал ең төменгі көрсеткіш Ғабит Мүсірепов және Тайынша ауданында тіркелген – тиісінше гектар берекелігі 8,3 және 8,1 центнерді құрайды. Айта кету керек, биылғы жылы астықтың сапасы жақсы – бидай желімтігі 25 пайыздан асып жығылады. Басқармадағылар жоспар бойынша егін орағы қыркүйек айының ортасына қарай аяқталатынын айтады.

Айымгүл Әбілева