Мәдениет

Этномәдениетті насихаттау

 

 

 

 
Этномәдени бірлестік өкілдері, шеберлер мен тарихшылар екі айдың ішінде М. Жұмабаев, Мамлют, Есіл және Қызылжар аудандарын аралап үлгеріпті. Белсенді әрі он саусағынан өнер  тамған жерлестеріміз тұрғындарға өз білгендерін үйретіп, тәжірибе бөліскен.

  Жәнібек Әлкин,  «СҚО ауыл жастары одағы» КҚ атқарушы директоры:
 -Бүгін салт-дәстүрді, мәдениетті дамыту бойынша қорытынды шығарып отырмыз. Ең бастысы  туындаған мәселелердің  шешу жолдарын қарастыру. Аудандарда әр түрлі мәселелерді қарадық. Халықпен тілдестік. Облыстық мастер-класс өткіздік.

Ауқымды жобаға қатысушылардың бірі –  Явленка селосының тұрғыны Ғабит Темірбеков. Ағаш ойып, түрлі бұйымдар жасайтын шебер өз өнеріне жастарды баулиды. Ғабит аға мәдениетті дамытуда үгіт-насихат шаралары қажет-ақ, тек ендігі жерде өнерлі азаматтардың басын біріктіріп, арнайы шеберханалар ашу керек дейді.  

 Ғабит Темірбеков:
 – Бізде өз еңбегімізді жалғастыруға, мәдениетті дамытуға қажет материалдардың барлығы бар. Бірақ жұмыс істейтін ыңғайлы орын жоқ. Сондықтан аудандарда шағын шеберханалар ашылса деймін. Мен өзім қазақтың ұлттық астауы сынды ықылым заманнан келе жатқан дәстүрлі ыдыс-аяқты жасаймын. Егер біздің жұмысымызға қолдау көрсетілсе, біз де қолдан келгенін аямаймыз.

Жоба аясында Петропавл қаласында мектеп оқытушыларына арналған 6 шеберлік сыныбы өткізілді.

Гүлден Сәрсенбаева