Әр түрлі

Қыркүйекте күн суытады

 

 

 

 

 

  Күздің қоңыр салқыны әдеттегідей өзін көп күттірген жоқ. Қыркүйектің алғашқы күнінен-ақ ауа температурасы күрт төмендеп кетті. Бұл солтүстіктің құбылмалы күн райына еті үйренген жұртшылық үшін тосын болмаған сыңайды. Жерлестеріміз маусымдық жылы киімдерін киіп, қымтанып алған. Алайда ауа температурасы әр жерде әр түрлі болады дейді мамандар.

  Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорологиялық орталығы метеоболжау бөлімінің бастығы:
 -Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 1-6 градустан, 10-15, кей жерлерде 20 градусқа дейін, күндіз 13-18, кей жерлерде 23 градустан, 26-31 жылыға дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауаның температурасы шамалы төмендейді.

Жалпы ауаның орташа айлық температурасы  плюс 10-12 градус шамасында сақталады. Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде минус 5-ке дейін төмендеуі ықтимал. Ал жаз бойы бір тамбай қойған жауын-шашын күзде керісінше молынан түспек.

  Гүлзат Ғазизова,  СҚО гидрометеорология орталығы метеоболжау бөлімінің бастығы:
 -Айдың бірінші жартысында кей жерлерде жиі-жиі жаңбыр, екінші онкүндіктің екінші жартысында және үшінші онкүндікте жауын, қарлы жаңбыр  жаууы мүмкін.

Ал қаламыздың  жасыл желегі әлі де сол реңінен тайған жоқ. Суыққа бой алдырмай, жеңіл киінген адамдар да аз кездеспейді. Демек алтын күздің белгісі тек метеоролог мамандардың жасаған болжамынан ғана көрінеді.

 Кәусар Аяпбергенқызы