Спорт

Футболдан жолдастық кездесу

 

 

 

 

“Қызылжар” футбол клубы өз алаңында Ресейдің Омбы қаласының қазақ диаспорасы құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Жергілікті аяқ доп шеберлері әуесқой футболшы қонақтардан айласын асыра алмады. Ал олимпиадалық резервтегі “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде   жекпе- жектен облыс чемпионаты өтті. Сондай-ақ өңіріміздің 300-ге тарта мемлекеттік қызметшілері шағын футбол турнирінде өзара мықтыны анықтады. Облыс әкімінің аппараты, салық комитеті мен кедендік бақылау инспекциясының құрамалары өз лектерінде топ бастады.