Балалар

Ата Заң құрметіне өткен шырақты шеру

 

 

 

  
Тәуелсіз ел шежіресіндегі ерекше күні кешкісін Жеңіс саябағына ағылған қалалықтар әдемі мерекелік шоудың куәгерлері болды. Мұнда облыс орталығының әншілері мен бишілері  мерекеге жиналған қауымға құлақ құрышын қандырар әсем әндер мен мың бұралған биден шашу шашты.
Сондай-ақ өңіріміздің белсенді  жастары шырақты  шеруге қатысты. Осылайша алау ұстаған жастар бүгінде еңсесі биік, босағасы берік ордаға айналған тәуелсіз еліміздің шырағын өшірмеуге даярлықтарын көрсетті.  Конституция тәуелсіз еліміздегі бірліктің негізін қалады. Ата заңымыз бойынша мемлекеттің  алдағы даму стратегиясы анықталып, құқықтық азаматтық қоғам қалыптасты. Негізгі заңдар жинағы ең алдымен бірінші бапта атап көрсетілгендей,  республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Осылайша 15 жыл жасаған Негізгі Заңның мерейтойын көппен бірге атап өтуден шет қалмай шараға ортақтасқан солтүстікқазақстандықтар Конституцияны асқақтата түсті.
Мейрам от шашуға ұласып, би кешімен аяқталды.

 
Жеңіс Ермұқанов