Әр түрлі

М.Жұмабаев алаңындағы мерекелік шаралар

 

 

 

 

Тамыздың отызы – еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан күн. Бұл оқиғаның тарихи және саяси маңызы айырықша. Ата заңды қабылдай отыра, еліміз өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етті. Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдегі өркениет жолымен серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз бағыт-бағдарын, алдында тұрған міндеттерін айқындап алды. Осы мақсаттарға жету жолында сенімді түрде алға жылжып келе жатыр. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңде мемлекетіміздегі ұлан-ғайыр өзгерістер  мен  жетістіктердің барлығы Негізгі заң аясында жүзеге асуда.  Конституция барлық азаматтардың еңбек етуіне, білім алуларына, өз құқықтарын мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді. Ата Заң бойынша  адам мемлекеттің басты қазынасы болып табылады. Ата Заң – мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің алтын қазығы, болашағымыздың кепілі. Оны құрметтеу, талаптарын әрдайым сақтау және орындау – Қазақстанның әрбір азаматының басты міндеті. Конституция алдағы уақытта да егеменді еліміздің бағыт-бағдарын айқындап, ынтымақ пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық негізі болып қала бермек.
 

 

Айымгүл Әбілева