Билік

Партия активінің мереке алдындағы кездесуі

 

 

 

 

Ата Заңымыздың 15 жылдығы – ел өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдегі өркениет жолымен серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз бағыт-бағдарын, алдында тұрған міндеттерін айқындап алды. Осы мақсаттарға жету жолында сенімді түрде алға жылжып келе жатыр. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңде мемлекетімізде  өзгерістер молынан. Бұл жетістіктердің барлығы Елбасының салиқалы саясатының арқасында деп атап өтті Серік Біләлов.

  Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
 -Мемлекет басшысының жетекшілігімен елімізде қысқа уақытта түпкілікті экономикалық және саяси реформалар жүргізіліп, тиімді мемлекеттік механизм мен құқықтық жүйе құрылды. Азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілді. Бірақ біздің басты байлығымыз – халықтар достығы мен келісімі.

Қазақстан – бүгінде халықаралық қауымдастықтың беделді әрі сыйлы мүшесі. Оның бір дәлелі – еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі. Желтоқсан айында посткеңестік кеңістік пен Орталық Азияда алғаш рет Астана қаласында ОБСЕ саммиті өтеді.

  Серік Біләлов, СҚО әкімі:
 –Конституцияның 15 жылдығы қарсаңында біздің өңірдің де дамып келе жатқанын айта аламыз. Елбасының тапсырмаларын орындай отырып, солтүстікқазақстандықтардың агроөнеркәсіп кешенінде, тұрғын үй құрылысында, кәсіпкерлікті өркендетуде жеткен жетістіктері аз емес. Экономиканың жетекші салаларының дамуы – әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.  

Облыс әкімі бұл бағыттағы “Нұр Отан” партиясының айырықша рөлін атап көрсетті. Алдағы уақытта да еліміздің гүлденуі жолында нұротандықтардың тынбай еңбектенуі қажет деді Серік Біләлов. Өңір басшысы саяси және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін бірқатар партия мүшелерін марапаттады. ” Ал Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құрал Кенжебаев “Белсенді қызметі үшін” медаліне ие болды. Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.
 

Айымгүл Әбілева