МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер

 

Күн тәртібіндегі алғашқы қаралған мәселе 2020 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық дамуының жүзеге асуына мемлекеттік сектордың қосатын үлесі туралы. Бұл ретте Елбасының соңғы Жолдауы бағдар.

Тілеген Қаскин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасының бастығы:
Бірінші кезекте билік құрылымдары үшін үлкен сынақ. Онда айтылған ауқымды міндеттерді шешу үшін біздің қоғамның барлық салаларында жедел индустриализациялауға, адам ресурстарының
бәсекеге қабілеттілігін және мемлекеттік қызметтің барлық түрлерінің сапасын арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер жүргізіледі.

Мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін бағалаудың бірден бір жолы
әкімшілік реформаны тиімді жүргізу. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 19 наурызында Президенттің жарлығы шыққан болатын.

 Светлана Зайцева,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары:
Жаңа жүйеге сәйкес 26 орталық мемлекеттік орган белгіленді. Енді олардың жұмысының тиімділігі бағаланып отырады. Олар   ҚР-ң 16 министрлігі, 8 агенттігі, Ұлттық банк пен Ұлттық ғарыш агенттігі .

Кадрлық қызметтің сапасын құжаттардың қалай рәсімделгенінен
де байқауға болады.  Жиында мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін толтыру, сақтау және есепке алу тәртіптері туралы да  айтылды. Семинарда сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қызметке енгізілген өзгерістер де талқыланды. Қазір мемлекеттік қызметшілердің алдында жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Енді олар қор нарығын дамытуға қатыса алады.