Қоғам

Кітап көрмесі Ата Заңға арналды

 

 

 

Көрмеге қойылған кітаптардың әрбірі таңдаулы. Олардың ішінде   Конституция, Астана, Елбасымыз жайлы және Елбасының өзі жазған еңбектер бар. Кітапханаға жиналған кітапханашы, ұстаз және оқушылар қауымына осы кітаптар кең көлемде таныстырылды.

  Раиса Қасымова, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры:
-Ең біріншіден, оқырманды кітаппен жақындату мақсаты ғой. Бізде 200 мыңға жуық кітап бар. Конституция күніне бізге кітап беріңізші деп сұрап келеді оқырмандар. Сондықтан біз тақырып бойынша жинақтап, көрме өткіземіз.

Ата Заңның бастауы көне тарих қойнауында жатыр дейді кітапханашылар. Қай заманда болмасын халқымыз ортақ шешімге тоқтаған. Конституция әр қазақстандықтың мүддесін айқындайтын, құқығын қорғап, қазақ жерінде еркін өмір сүруге жағдай жасайтын құжат. Әр азамат, кішкентай оқырмандар еліміздің басты құжатының осы ерекшеліктерін біліп өсулері керек.

  Ғалия Қожахметова, балалар бөлімінің кітапханашысы:
 – Тәуке ханның жарғысы осы Конституцияның негізі деп есептеледі. Еліміздің халқын осы заңдар арқасында басқарып, билеп, Қазақстан жерін қазірге дейін алып келді. Қазіргі Конституциямыз адамның өзін, өмірін, құқығын, бостандығын бірінші негізде деп есептейді.

 
Ал әлі тарихи, саяси кітаптарға еркін бойлай алмайтын кішкентай оқырмандар үшін арнайы бұрыш ұйымдастырылыпты. Мұнда “Сен білесің бе” деп аталған қызықты айдармен шығатын кітапшалардың бірнеше түрлері қойылған. Ал көрме соңында Қазақстанның тәуелсіздік жолы суреттелетін фильм көрсетілді.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы