Қоғам

Конституция – елдегі тұрақтылық пен ынтымақ кепілі



 

 

Ынтымақтың ұйытқысы болып табылатын Ата Заң тәуелсіз елімізде алғаш рет 1993 жылы қабылданған болатын. Алайда көп ұзамай бұл құжатта айтарлықтай кемшіліктер анықталды. Сондықтан 1995 жылғы тамыздың 30-да Бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция бекітілді. Қазақстан халқының бүкіл тыныс-тіршілігі мен өмір салты осы құжаттың шеңберінде жүзеге асады.

  Бауыржан Шериязданов, Есіл аудандық мәслихатының хатшысы:
-1993 жылы қабылданған алғашқы Конституция нарықтық экономиканың дамуына, тәуелсіздігімізді сақтап қалуға ыңғайсыз болды. Себебі ол құжатта кеңес кезеңінен қалған баптар кездесті. Содан кейін 95 жылы қабылданған Конституцияның арқасында еліміз дамып, қазір алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Қазақстан Республикасының басты құндылығы – халқы. Олай болса, азаматтардың құқығы мен бостандығы ерекше назарда. Бұл туралы дөңгелек үстелде кеңінен айтылды. Конституциядағы   негізгі фактордың тағы бірі – кейінгі ұрпақ, балалар.

  Руслан Тілеубаев, № 8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешені тарих пәнінің мұғалімі:
  – Кез келген ел білім беру жүйесінсіз дами алмайды. Сондықтан балалардың құқығы мен олардың бостандығы республикамызда  баса назарында. Бұл туралы 27 -інші және 30 -ыншы баптарда бекітілген. Мұнда әке , ана  және бала  мемлекеттің қорғауында деп көрсетілген.

Бір қызығы, Конституция барлық мемлекеттер үшін негізгі құжат болып табылмайды. Кейбір елдерде Ата заң  жоқ. Ал Қазақстанда Негізгі заңды барша халық қабылдады. Ендеше ол төрден түспей, халыққа мүлтіксіз қызмет етсін.

Жасын Біркенов