Ауыл шаруашылығы

Биылғы астық сапалы

 

 

 

Дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы 9,5 центнерді құрап отыр. Гектар берекелігі жөнінен Қызылжар ауданы алда келеді. Мұндағы көрсеткіш 12,7 центнер. Ақжар ауданында 12,3,  Мамлют ауданында гектарынан 12,1 центнер бидай жиналуда. Биыл Ғ.Мүсірепов ауданында астық шығымдылығы  төмен. Диқандар гектар басынан не бары 6,6 центнерден астық алуда. Алайда биылғы бидайдың сапасы жоғары. Жоспар бойынша  алдағы күндері жауын-шашын түспесе,  қыркүйектің ортасына таман  орақ науқаны аяқталады.