Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өткен демалыс күндері Тайынша ауданында төтенше жағдай болды

 

 

 

 

Желдің бағытымен келген қызыл жалын Тайынша ауданының Талдыкөл және Жаңадәуір елді мекендеріне қарай ойысқан. Сондай-ақ, өрт Озерное, Иличьевка, Қарағаш, Краснокиевка, Золоторунное және Аймақ ауылдарының аумақтарын да қамтыды. Қызыл жалынмен күресуге Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарының өрт сөндіруші бөлімшелері,  жергілікті тұрғындар мен Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы жұмылдырылды. Облыс орталығынан қосымша 12 өрт сөндіру және 7 арнайы көлік жолданды. Нәтижесінде тілсіз жау бір тәуліктің ішінде ауыздықталды. Апат 1160 гектар алқапқа зардап келтірген. Өрттен жапа шеккендер жоқ  деп хабарлайды облысымыздың Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

  Қайрат Садықов, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
– Тайынша ауданында орын алған өртті өрт сөндірушілер дер кезінде сөндірді. Біздің қызметкерлер тілсіз жаудың ауылдық аймақтарға ойысуына уақытылы тосқауыл қойды.
 

Жасын Біркенов