МТРА жаңалықтары

Н. Назарбаев Бәйтерек ауылында болды

 

 

 

“Нұрлы көш” бағдарламасы бойынша  Бәйтерек ауылында 140 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың 70-і дайын. Болашақта елді мекенде мектеп, мәдениет үйі, фельдшерлік- амбулаториялық пункт салынады. Тұрғындарды қоныс тойымен құттықтаған Президент Бәйтеректегі ағайынның хал-ахуалын білді. Бұдан кейін Елбасы 900 түптен астам қияр өсіріп, бастап отырған Қазбековтар отбасының жылыжайын аралап, үйлерінде қонақ болды. Президентпен кездесуден ерекше әсер алған Марина Қазбекова бұл  қоныстың құтты мекен болатынына сенімді.

  Марина Қазбекова:

-Елбасы менің теплицамды көрді. Оған ұнады. Көшіп кеп жатқанымызға, жаңа үйімізге телевизор сыйлады.  

 Бәйтерек ауылында қоныс тебуге шетелдегі  90-ға тарта қандасымыз тілек білдірген. Олардың дені көрші Ресейде тұрып жатыр. Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Әзербайжаннан келіп жатқан отбасылары да бар.

  Ырысты Бейсембаева:

-Біз қуаныштымыз әдемі үйге түсіп жатқанымызға.
Егенқол Салтебаев :

-Үй беріп жатыр, рахмет. Малмен айналысамын, қора саламын.  
Дариха Қуандықова
:

 –  Немерелерім, жиендерім Қазақстанда өсулері керек. Қазақ тілін білулері керек.

Бүгінде ауылда тұрғын үй құрылысымен қатар су құбырларын тарту, электрмен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Ал ағайындарға жұмыс тауып беру үшін аудандағы кәсіпорындармен, мекемелермен келісімдер жасалған. 50 жылыжай тұрғызылды. Бүгінде жылыжай алуға 33 отбасы тілек білдіріпті. Қазір олардың сегізіне қияр отырғызылып, қыркүйектің басында алғашқы өнім саудаға түспек.

  Талғат Берекетов,  “АҚ Ордасы” Корпорациясы” ЖШС бас директорының орынбасары:

-Жылыжайдан түскен табыс үй, жылыжай үшін қарызды өтеуге жұмсалады. Солтүстік өңірге көкөніс керек. Ол жақтан көшіп келгендерге де тиімді.

Бәйтеректіктер туған жерге алғаш аяқ басқанда Елбасымен жүздескендеріне ерекше қуанды. Отандарын аңсап келген ағайындар бұндай қауышудан кейін елдің дамуы, Қазақстанның өркендеуі үшін аянбай еңбектенуге даяр.

Әсем Сембина