МТРА жаңалықтары

Елбасы ботаникалық бақтағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

 

 

 

 

 

Қызылжар оранжереясының негізі 1912 жылы қаланған. Бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген ботаникалық бақта сәуір айынан “Жол картасы” бағдарламасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды.   Бұл нысан үстіміздегі жылдың қараша айында тапсырылуы тиіс еді. Алайда құрылысшылар шаруаны мерзімнен бұрын аяқтады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылып, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысында 234 адам жұмыспен қамтылды.

  Геннадий Мурай, “Фирма Строитель” ЖШС бас инженері:
– Бақты қалпына келтіру барысында өсімдіктерге зиян келтірмеу қиын болды. Сондықтан ескі ғимараттың үстінен жаңасын тұрғыздық. Содан кейін бірақ демонтаж жасадық.

Қазір ботаникалық бақта өсімдіктің мыңға тарта түрі бар. Сондай-ақ, мұнда экзотикалық елдерден әкелінген жануарлар мен құстарды да кездестіруге болады.

  Равиль Рязапов, “Қызылжар оранжереясы” МҚК директоры:
 – Ботаникалық саябақтың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды.
Мұнда антикалық мүсіндер мен субұрқақ орнатылып, тоған жаңартылды. Енді қызылжарлықтар мұнда жиірек келеді деп ойлаймын.

Облыс әкімі Серік Біләлов мемлекет басшысына Есіл жағалауындағы құрылыстың макетін де көрсетті. Болашақта бұл жер қаламыздың ең көрікті демалыс орындарының біріне айналмақ.
 

Жасын Біркенов