Әр түрлі

Ауыл мектебіне Мәжіліс спикерінің сыйлығы

 

 

 

 

2004 жылы білім ошағына профессор, қоғам қайраткері Қайырбек Оразовтың есімі берілген. 364 орынға шақталған  мектеп қыркүйектің бірінде жүз оқушыны қабылдауға дайын. Олардың жиырма бесі көрші Рублевка, Ленин , Дайындық ауылдарынан келіп оқиды. Сырттан келген оқушылар үшін   мектеп жанынан арнайы интернат ашылыпты. Орал Мұхаметжанов интернаттың жабдықталуын байқады. Бұл жерде балалардың алаңдамай білім алуларына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар білім ошағында 2007 жылдан шағын орталық жұмыс істейді. Орталықта бүгінгі күні 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Орал Мұхаметжанов мектеп мақтанышы – жиырма жыл бұрын ашылған мұражайда да болды. Бұнда Аралағаш ауылы мен аталған білім ошағының бай шежіресінен сыр шертетін ақпарат пен жәдігерлер қойылған. Мәжіліс төрағасы ұстаздар қауымымен де тілдесті. Олар қазіргі таңда білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.  Кейінгі толқынның сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып  жатыр. Мектепте мультимедиялық кабинет бар, сабақ барысында интерактивті тақта пайдаланылады. Орал Мұхаметжанов тоқсан жылдық тарихы бар білім ошағына компьютер сыйға тартты.

 

 Айымгүл Әбілева