ТКШ

Солнечный кентіндегілер контейнерді ұнатпайды

 

 

 

  

Қоқыс контейнерлерінің бұл жерде орын тепкеніне көп уақыт өткен жоқ. Көшенің шетінде тағы екеуі орнатылған-ды. Бірақ оның біреуін кеше түнде белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Бұған дейін аудан тұрғындары қоқысты арнайы жәшікке жинаудың не екенін білмеген екен. Әркім өз шамасына қарай әрекет жасаған. Бірақ  санитарлық қадағалау қызметінің бұл жөніндегі  мәліметі бөлек.

  Зүлфия Әбілдина,  МСЭБ  қалалық басқармасының жетекші маманы:
 -Солнечный кентінде заңсыз қоқыс орны жоқ. Тек Юбилейный көшесінде қалдықтар толған бір сай ғана бар. Тұрғындар қоқыстарын қалаға бара жатқанда ала барып, аулалардағы жәшіктерге лақтырады.

Бірақ тұрғындардың жауабы тіпті басқа. Шағын ауданда 350 аула мен 110 үй бар. Бәрі бірдей қоқыстарын қалаға жеткізе алар емес.

 Тұрғындар:

– Кез-келген қоқыс күйеді, менің үйім орталықтан жылытылмайды, пеш бар, қоқысты сонда өртеймін
– Ал біздің аулада шұңқыр бар, біз қоқысты сонда тастаймыз, сосын көмеміз,

 

Сайып келгенде, кент тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсететін коммуналдық кәсіпорымен келісімге тұру керек. Соңғы тарап әріптестікке дайын.

  Федор Хомякин, «Жолаушы-СК» ЖШС  басшысы:
-Бұл аудандағы 110 үйге 5 контейнер орнатылуы тиіс. Әзірге төртеу қойдық. Бірақ алда тұрғындармен байланыс орнатамыз. Ол үшін келісімшарт жасау қажет. Ал кейбірі мұнымен келіспей отыр.

 

Бұл ауданға қоқыс жәшіктерін «Жолаушы-СК» кәсіпорны тегін қойыпты. Алдағы уақытта  тұрғындарға ойдағыдай қызмет ету  үшін үй иелерінің келісімімен арнайы құжат толтырылуы тиіс. Бірақ бұл іс  оңайлықпен жүзеге аспайтын тәрізді. Тұрғындардың келіспейтін тұстары көп. Солардың бірі – Центральная көшесіндегі 5 үйдің иесі Елена Присяжных.

Елена Присяжных:
-Маған келісімді 1-ші тамыздан деп жазып берді. Ал қазір ай аяқталып келеді. Мен пайдаланбаған нәрсе үшін неге төлеуім керек.  

Қалай болғанда да тұрғындардың баршасы өздері тұратын ауданның таза болуын қалайды. Тек  басталған игі іске түсіністікпен қарау жағы қиын болып тұр.

 

Кәусар Аяпбергенқызы