Білім

Колледж жаңа мамандыққа оқушылар қабылдайды



 

 
Бүгінгі күні жаңа мамандықты игеруге отыз талапкер ниет танытыпты. Бір айта кететіні, сауда,ет және тамақ өнеркәсібі өндіріс жабдықтарының техник-механигі болуды қалағандардың  жартысынан астамы қыз балалар екен. Колледж оқытушылары бұл мамандық иелеріне қазірде сұраныс бар екенін айтады.

Динара Сандыбаева, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
-Бүгінде ірі сауда орындары, өндіріс кәсіпорындары заманауи қондырғылармен жабдықталып жатыр. Сондықтан жаңа мамандық иелеріне сұраныс бар. Біздің өңірімізде ешбір оқу орны ет және тамақ өнеркәсібі өндіріс жабдықтарының техник-механиктерін даярламайды. Біздің оқу орнында бұл мамандық алғашқы болып ашылып отыр.

Жаңа мамандықтың қыр-сырын студенттер екі жыл алты ай меңгеретін болады. Техник-механиктерді даярлауға жиырма бес грант бөлініпті. Байқауда оқуды биыл бітіргендердің ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған ұпайлары есепке алынады. Ал мектепті бұрын аяқтаған талапкерлер тамыздың жиырма төрті кешенді тестілеу тапсырады.
Кәсіптік-педагогикалық колледжді тәмамдағаннан кейін түлектер білімдерін Қостанай қаласында жалғастыра алады.

Айымгүл Әбілева