Жол картасы

Боксшылар мектебі жөндеуден өтті

 

 

 

Бокс мектебінің ашылғанына биыл 10 жыл толды. Ғимараттың жөндеу көрмегеніне де осынша уақыт. Ауқымды жұмыстар облыс пен ел намысын қорғайтын ауыр атлеттер шынығатын атлетика залын қамтыды.

Жайнагүл Оспанова, бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі:
-Бұл мектеп ашылғалы жөнделген жоқ. «Жол картасы» бойынша терезелер, сәкі ауыстырылды, төбе жөнделді.

Жөндеуді тендерді ұтып алған «Вант» ЖШС жүргізді. Серіктестіктің 10 құрылысшысы бір айдың ішінде пластикалық терезелер қойып үлгерді. Заманауи материалдармен төбе тартылып, сәкіге бетон құйылды. Мұнда шынығуға келетін жігіттер бұрын бөлменің қараңғы болғанын айтады. Ал қазір жаттығу залына тағар мін жоқ.

Қайыржан Оспанов, пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері:
енің осы залда шынығып жүргеніме 2 жыл болды. Залдың жаңа кейіпке енгеніне қуаныштымын. Бұрын кондиционер болмайтын. Қазір терезелерді ашып, ауаны желдете аламыз.

Бокс мектебінде 450-ге жуық спортқа құмар жеткіншек тәлім алады. Ал атлетика залы шымыр денені шынықтыруға асыққан жас жігіттерден босаған еес. Мұнда күніне салауатты өмір салтын ұстанатын 40 шақты әуесқой келеді.

 Кәусар Аяпбергенқызы