Қоғам

Ата заңға арналған конференция

 

 

 Тәуелсіз еліміздің аяғына нық тұрып, еңселі ордаға айналуының бірден бір кепілі 1995 жылдың 30-шы тамызында қабылданған ата заң. Жаңа конституция экономикасы қарыштаған алдыңғы қатарлы 20 елдің іс -тәжірибесін зерттеудің негізінде дүниеге келді. Халықтық талқылау нәтижесінде ел азаматтарының  3 мыңнан астам ұсыныстары еңгізілді. Маңызды құжаттың бірінші бабында біз әлеуметтік, демократиялық зайырлы мемлекетпіз делінген. Міне сол уақыттан бері бұл қағида сақталып қана қоймай, заман талабына сай жетілдіріле түсуде.

Зәуре Картова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және археология кафедрасының аға оқытушысы:
-2007 жылдан бастап ҚР-да саяси модернизация кезеңі басталды. Бүгінгі таңда ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепіл етуге барлық мүмкіндіктер жасалынған. Оның ішінде тек қана экономикалық емес, саяси, әлеуметтік құқықтарымыз бен бостандықтарымыз толығымен кепіл етіледі.

Ата заңымыз республика азаматтарының білім алып, жан-жақты жетілуіне, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашты. Бүгінгі ғылыми-тәжірибелік жиында Конституция баптарының қаншалықты сақталып жатқандығы сөз болып, баяндамалар оқылды.

Сәуле Мәлікова,  СҚО мұрағат директоры:
-Бұл конференцияда Конституциясының негізінде атқарылып жатқан мемлекеттік қызмет жөнінде, жеке тұлғалардың, мекемелердің құқықтарын қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында пікір бөлісу, Конституцияның негізгі қағидаларын тағы да қарап шығып,  ғалымдар, мекеме қызметкерлері, ұстаздар болып өз пікірлерін ортаға салу.  

Отан отбасынан басталады демекші, жиынға қатысушылар отансүйгіштікке сәбилерді бесіктен тәрбиелеу керектігін айтады.

  Әсел Ахмеджанова, “Петушок” балабақшасының психологы:
-Біз балабақшадан тәрбиеленушілеріміздің құлағына патриоттық сезім деген не екенін құя бастаймыз. Жастайынан туған жерге деген сүйіспеншілік, елжандылық, адамгершілік қасиеттерді, Елбасының кім екендігін үйретуге тырысамыз. Бұның бәрін Конституция қамтиды. Сондықтан бұл құндылықтарды сақтап қалуға шақырып, баршаны Ата заңы күнімен құттықтаймын.  

Қазір облыс жұртшылығы Ата заңның 15 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Тамыздың 30-ына түрлі мерекелік шаралар, жиындар жоспарланып қойылды.
 

Жеңіс Ермұқанов