ТЖ

Облыс ормандарында өрт шығу оқиғалары жиіледі

 

 

 

Орман алқаптарында  өрт негізінен тұрғындардың табиғат аясында демалу кезіндегі  қауіпсіздік шараларына  немқұрайдылығынан  болады. Дұрыс сөндірілмеген алау ыстық, желді күндері ағаштардың өртенуіне әкеледі. Тағы бір себеп, егіс алқабында қалдықтарды  өртеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Орман алқаптарындағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында облыс полицейлері орман және аңшылық шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп ,кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Осындай рейдтердің біріне жол полицейлері, учаскелік полиция инспекторлары және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қатысты.

  Ғазез Ахметов . СҚО ІІД қоршаған ортаны қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы
-Рейд кезінде анықталған негізгі заң бұзушылықтар өрт қауіпсіздігін сақтамау, орман алқаптарында от жағу және ағаштарды қирату болып отыр.

Орман ішінде от жағушылар тексеріс барысында да анықталды. Полицейлер азаматтармен әңгіме өткізіп, бірден заң бұзушылықтарды жойды.  Ал саяжай және қала маңындағы орман алқаптары полицияның салт аттылар взводының қарамағында. Олар мұнда алдын алу шараларын жиі өткізіп тұрады. Алайда қоршаған ортаның қауіпсіздігі ең алдымен тұрғындардың қолында екендігін естен шығармаған жөн.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы