Аптадағы маңызды жаңалықтар

Археологтардың жаңа олжасы

 

 

Осыдан 2 жарым мың жыл бұрын қазіргі Қызылжар ауданы Долматово елді мекенінің маңында көне заманның тұрғындары өмір сүрген, олар құрбандыққа мал шалған. Ұзақ уақыт жер астында жатса да,  құрбандыққа шалынған жылқының сүйектері жақсы сақталыпты.

Олег Мартынюк,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ археология  зертханасының меңгерушісі:
– Үй иелері Құдаймен байланыста болу үшін күніне бес рет құрбандық беріп отырған. Оның ішінде өздері қорек еткен сүт, ет сияқты тағамдар да болған. Олар Құдайға қаншалықты жақсы нәрсе берсең, өзіңе де сондай болып қайтады деп түсінген.

Долматов селосына жақын маңдағы Ақ Ирий елді мекені тамаша табиғи ортасымен археологтарды ертеден қызықтыра бастаған. 1968 жылы ашылған  көне қоныс  2003 жылдан  бері зерттеліп келеді. Тарихшылар жақында ашық аспан астында мұражай тұрғыза бастады. Биыл көне қалашықта зерттеуші, студенттермен қатар алғаш рет Мамлют қаласының оқушылары да болып қайтты.

  Анатолий Плешаков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және археология кафедрасының меңгерушісі:
-Балалар ежелгі адамдардың қолданған заттарын өздері ұстап көрді. Бұл олар үшін өте қызық. Енді біз әр түрлі ғасырлар мен кезеңдерді суреттейтін арнайы тұрақтар тұрғызғымыз келеді.
Тарихи орынға балалармен қатар туристер де келе алады. Олар бұрынғы заманның ортасына түскендей әсерде болады.  

Ежелгі адамдар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ерекше мән берген, тіпті қалдықтарды асқан ұқыптылықпен жинап сақтаған. Сондықтан бұл мекен қазіргі ұрпақ үшін тазалық жөнінен үлгі боларлықтай. Тек бір өкініштісі, соның салдарынан археологтар ежелгі адамдардың тұрмысында болған кейбір заттарға қол жеткізе алмай отыр.
 

 

Кәусар Аяпбергенқызы