Әр түрлі

Қаржы бақылау инспекторлары тексерістерінің қорытындысы



 

 

Қаржы бақылау инспекторлары жыл басынан бері 134 мекемедегі бюджеттің орындалуын тексерді. Алты айдың ішінде инспекция мамандары 1 миллиард 216 миллион теңгеге,  оның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген 1 миллиард 77 миллион теңгеге қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған. Өткен жылмен салыстырғанда анықталған кемшіліктер 3 есеге азайған. Дегенмен, ақша бар жерде есеп керек болғанымен, қаржылық заң бұзушылықтар жетіп артылады.

  Дүйсенбек Әубәкіров, СҚО бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы:

-Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтар сомасының 72,1 млн теңгесі өтелуге жатады. 85 пайызы өтелді. Қалғанын бақылаймыз.  

Осы кезеңде 104 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 10 адамға 706 мың теңгенің айыппұлы салынды.

Дүйсенбек Әубәкіров, СҚО бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы:

– Сол он адамның жетеуі облыстық спортта жұмыс істейді.

Инспекция мамандары “Жол картасы” бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының тиімді игерілуін ерекше бақылауға алған. Бұл бағыттағы заң бұзушылықтар негізінен мемлекеттік сатып алуда жіберілген олқылықтарға қатысты.

 Дүйсенбек Әубәкіров, СҚО бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы:

-Жыл басынан 128 миллион теңгенің заңсыздығы анықталды, 124 миллионы мемлекеттік тапсырысқа байланысты. Архив және құжаттандыру 41 млн, мәдениет басқармасы 70 млн теңгенің бұзушылығын жіберген.

Құқық қорғау органдарына жіберілген материалдар бойынша және 2009 жылдан өткен заң бұзушылықтарды қосқанда барлығы 12 қылмыстық іс қозғалды, 4 лауазымды тұлғаға қатысты сот үкімі шықты.

Әсем Сембина