Әр түрлі

Салығыңды төледің бе?

 

Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 2010 жылғы қазанның бірінде аяқталады. Бүгінгі күні облыс қазынасына мүлік салығын төлеушілерден түскен қаражат отыз млн. теңгеден асып жығылады. Жер салығы жиырма екі млн. теңгені құрайды

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаменті салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бастығы:


Осы күні мүлік салығын төлеушілердің саны облыс бойынша 171 622 адамды құрайды. Жер салығын 200 949 адам төледі.

Сондай-ақ салық департаментінің қызметкерлері көлік салығын желтоқсанның отыз біріне дейін төлеу керек екенін ескертеді. Егер бұл төлемдер уақытында өтелмейтін болса, айыппұл төлеуге тура келеді.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаменті салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бастығы:


-Салық уақытында төленбейтін болса, әрбір күнге өсімпұл салынады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11 304 теңге айыппұл төлейді. Сондықтан мерзімінде мүлік және жер салығын төлеу керек екенін ескертеміз.

Мерзім таяп қалған кезде ұзын-сонар кезекте тұрмау үшін  мамандар  салықты уақытында төлеуге кеңес береді. Төлемді кез-келген банк бөлімшесінде жасауға болады.

Айымгүл Әбілева