Спорт

Желаяқтар жарысы



 

  

Барлық спорттың бастамасы саналатын жүгіру додасының алғашқы 3 шақырымдық қашықтығын бағындыруға нәзік жандар шықты. Бұл сында желаяқ қыздардың арасынан суырылып алға шыққан М.Жұмабаев ауданының өкілі Виктория Козлова мәре сызығын бірінші болып кесті.

  Виктория Козлова,  сайыскер,М. Жұмабаев ауданы:
-Спорттың маған бергені көп, біріншіден денсаулық кепілі. Жүгіруден 1-ші ересектер разрядының талаптарын орындадым. Ендігі мақсатым -әуестігімді кәсіби дәрежеге жеткізіп , үлкен жарыстарда жеңіс шыңынан көріну
.

Кейін жүгіру трассасына ұлдар шықты. Бұл лекке сөреден мәреге жету үшін 5 шақырымды артта тастау керек. Бұл бірінші топ қана. Ал кіші топтағы ұл- қыздарға бұл қашықтық екі шақырымға қысқартылды. Айта кетерлік жәйт 8 құраманың 7-уі   аудандардан келген.

Бектай Хасенов, Уалиханов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Ауыл жастарының спортқа деген құлшынысы бар. Біз оларды жүзеге асыру үшін бар жағдайды жасаймыз. Арнайы қаражат бөлінеді. Олимпиада чемпиондарының барлығы ауылдан шыққан. Қазірде жақсы дамып келеді.

Жарыстың келесі күнінде сайыскерлер аяқтарына доңғалақты шаңғы байлап, шеберлік байқасатын болады. Ұйымдастырушылардың көздегені – салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын кеңейту.

 Жанат Елеусізов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталықтың директоры:
-Елбасы жолдауына сай бұқаралық спортпен айналысатын халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу керек, сондықтан осындай шаралар өткізілсе, отандастарымыздың әсіресе жастардың салауатты өмір салтына деген қызығушылық тудыру, жасөспірімдерді спортқа бейімдеу.

Сондай-ақ екі күндік жарыстың енді бір көздегені – алдағы республикалық додаларда өңір намысын қорғап шығар құраманы іріктеу.

  Жеңіс Ермұқанов