Қоғам

Көгілдір отын арзандады

 

 

Соңғы екі жылда облыс орталығында газ бағасы көтерілген емес. Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшылығы  “Горгазсервис” серіктестігінің тарифті көтеру туралы ұсыныстарын бірнеше рет негізсіз деп қайтарғандарын айтады. Ал бұрынғы тарифтің өзіне сараптама жасау табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңға енгізілген өзгертулердің нәтижесінде биыл наурыз айында мүмкін болды

  Марат Мұстафин, СҚО табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры:

-Соны пайдаланып, июньде экспертиза жасадық. Экспертиза бойынша тарифті 5,1 теңгеге азайттық. Бір жағынан шамалы болса да, халыққа пайдалы.  

Марат Мұстафин атағандай тарифтің төмендегені  шамалы.  Дегенмен, тұрғындарға мұндай жаңалық та жағымды тиген.

Тұрғындар:

-Тарифтің төмендегені өте тиімді.
-Әрине тиімді, бір тиын болсын қалтамызда қалады ғой.

Сонымен тамыз айынан бастап тұрғындар газдың бір текше метрі үшін 333 теңгенің орнына 328 теңгеден төлейтін болады.
 

 

Әсем Сембина