Жаңа аялдамалар

ТКШ

8:04 11 Тамыз 2010

 

 Жиырмасыншы ықшам аудан тұрғындары енді автобусты жаңа аялдамада тұрып күтетін болды. Жақында Набережный көшесінде екі жаңа павильон орнатылыпты. Алдағы уақытта бұл жерге кеспетас төселіп, ақпараттық сілтемелер ілінбек. Қала тұрғындары бұл игі бастамаға дән риза.

 Тұрғындар:

-Жаңа аялдама қойды, жақсы. Қаламызды көріктендіріп жатыр. Қолдаймыз.
– Жақсы. Бұрын бұл жерде ескі аялдама болатын. Отыратын да жер болмайтын. Қазір ыңғайлы.

Бұндай жаңа аялдамалық павильондар жуық арада Жамбыл көшесінде де пайда болады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен  8 млн. теңге қаржы бағытталған. Тағы он сегіз аялдама  ауыстырылмақ. Бесеуін “Сервис Внедрение” серіктестігінің мамандары көп ұзамай орнатады. Ал он үші бүгінде әзірленіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін жоспарланған барлық аялдамалар жаңартылмақ.

Айымгүл Әбілева