Билік

Тұрғын үй құрылысы – партиялық бақылауда

 
 

 

 Юбилейный көшесінің бойында құрылысы жүріп жатқан бес көпқабатты үйлердегі негізгі жұмыстары аяқталып қалды. Құрылысшылар жоспардың 80 пайызын орындаған. Кірпіштен өрілген  үйлердің жалпы құны 1 млрд 135 млн теңгені құрайды. Жаңадан бой түзеген пәтерлер баспанасыз халықтың игілігіне айналмақ. Ауқымды жобалардың орындалу барысын партиялық бақылау бекеті өз қарауына алды. Жұмыстың сапасын қадағалайтын партия өкілдері техниканың дұрыс қолданылуын, жалақының уақытылы төленуін, жұмыс тәртібінің бұзылмауын да назардан тыс қалдырмайды.

  Жеңіс Бабжанов,  «Нұр Отан» ХДП саяси кеңес мүшесі, бекет жетекшісі:
Біздің мақсатымыз  – құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Керек-жарақ пен киімнің барлығын беру және жұмыс сапасын бақылау.

Құрылысшылардың айтуынша, жұмысшылар да өз істеріне жауапкершілікпен қарай бастаған. Дегенмен, жұмыста кішігірім олқылықтар да болып жатады. Мәселен, жақында 3 учаскеге материалдар уақтылы жетпей, құрылыс қарқыны біраз бәсеңсіп қалған.

  Вадим Шафеев, №3 учаскенің шебері:
Партиялық бақылау бекеті жұмыс кестесі бойынша дәлме-дәл жұмыс істегенімізді бақылайды. Алайда барлығы бірдей қиындықсыз өтпейді ғой. Кей кезде құрылыс материалдары жетпей қалып жатады.

Жалға берілетін коммуналдық үйлер «Тұрғын үй құрылысын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынуда. Бұл істің басында «Основание», «Іскер строитель» және «РИЖ» құрылыс” ЖШС сияқты мердігерлер  жүр. Алғашқы 2 баспана үстіміздегі жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Гүлден Сәрсенбаева