Спорт

Қыздар арасындағы веложарыс

 

 Тамыздың үшінен бастау алған дүбірлі дода осы айдың 9-на дейін жалғаспақ. Әзірге бес кезеңнің қорытындысы бойынша Татьяна Ульбрихт көш бастап келеді. Екінші орында Татьянаның сіңлісі -Валентина. Үздік үштіктің қатарында Татьяна Масленникова. Айта кету керек, бұл велошабандоздардың үшеуі де Қарағанды құрамасының мүшесі. Ал біздің өңіріміздің намысын арқалаған Анна Гацакова төртінші сатыда. Командалық жарыста қарағандылықтар тағы да ең биік тұғырдан көрінді. Күміс жүлде біздің жерлес қыздарға бұйырған. Қола батысқазақстандықтардың еншісінде.