Ауыл шаруашылығы

Облыс диқандары астық оруды бастады

 

 

 

Қызылжар ауданы 1 700 гектар алқапқа күздік бидай ексе, бүгіндері оның  1 200 гектары жиналды. Ал М.Жұмабаев ауданында 3 мың 800 гектардың жартысына жуығы орылды. Екі ауданда да гектар шығымдылығы 11 центнерден айналды. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуларына қарағанда, облыс диқандары жазғы дақылдарды оруға келесі аптада кіріседі. Мал азығын дайындау жұмыстарының нәтижесі де жаман емес. Жалпы ағымдағы жылы өңірге 550 мың тонна шөп қажет болса, қазір оның 457 мың тоннасы дайын. Бұл қажетті қордың 83 пайызын құрайды.