МТРА жаңалықтары

“Ардагерлер байланыста»

 

 

 


Бұл  – зейнеткерлерді компьютер мен ғаламтор жетістіктерімен таныстыруға бағытталған екінші сабақ. Алғашқылардың қатарында интернет жүйесін қолдануды Бескөл селосының зейнеткерлері үйренген-ді. Арнайы курстарды ұйымдастырушылардың айтуынша,  қариялар алғашқы сабақтан біраз нәрсені түйген.

Сергей Худяков, «СҚО Азаматтық Альянсы»  ЗТБ төрағасы:  

– Бұл – ерекше шаралардың бірі. Себебі мұндай оқулар Қазақстанның басқа аймақтарында әлі өткізілген емес. Меніңше осындай шаралар жиі ұйымдастырылуы қажет. Себебі ересектердің 30 пайызы компьютерді өз бетінше қоса да алмайды.

Айта кету керек, қалалық зейнеткерлердің жаңа технология туралы білетіні көп. Ауыл тұрғындары үшін компьютер тансық болғанымен, қалалықтар оның көмегіне күнделікті жүгінеді. Мәселен, 39 жыл ұстаздық етіп келе жатқан Ботагөз Ғалиева қолынан ноутбукты тастамайды.

Ботагөз Ғалиева, «ЛОРД» облыстық мектеп-лицейінің ұстазы:

-Өзімнің жеке ноутбугім бар. Сол компьютер арқылы ғаламторға жиі-жиі шығып, жер жүзінде не болып жатқанын біліп отырамын.

Бүгінгі сабақта қарияларға видео арқылы өткен сұхбат өте ұнады. Зейнеткерлер сабақ барысында «Азаматтық альянс» кеңсесімен тілдесті. Игі бастаманың жетекшілері танымдық дәрістердің қай уақытқа дейін созылатыны зейнеткерлерге байланысты дейді.

Гүлден Сәрсенбаева