Қылмыс

Ұмытшақ зейнеткер ұйықтап қалып, газдан өрт шыға жаздады

 

 

Төтенше жағдайға баспана иесінің мұқиятсыздығы себеп болған. 80-нің сеңгіріне шыққан Кристина Павлова-Рыжова газ плитаға ас қойып, ұйықтап кеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Дер кезінде апаттың алды алынып, тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді. 16 пәтерлі екі қабатты үйдің тұрғындары бұндай төтенше жағдайлар осымен 7-ші жыл бойы қайталанып келе жатқанын айтады. Отпен күресушілердің де аталмыш мекенжайдағы пәтерлердің есігін бұзып кірулері жиілеп кеткен. Жападан жалғыз күн кешіп отырған қарияның есте сақтау қабілеті төмен. Жеке басының қауіпсіздігіне алаңдаған көршілер пәтерді күні-түні кезектесіп күзететіндіктерін айтады. Жалпы жыл басынан арты үлкен өртке ұласуы мүмкін деген осындай 1 600 оқиға тіркелген.