Спорт

Автожорық Азиадаға арналды

 

 

Автожорыққа  қатысушылар Астана, Көкшетау, Петропавл, Курск, Екатеринбург, Казань, Ярославль, Санкт-Петербург және Ювязкюля аймақтарын жүріп өткен. Елге кері қайтарда олар Финляндиядағы әлемдік автожарыс кезеңіне де қатысқан. Сөйтіп барлығы 10 мың км қашықтықты бағындырған автошабандоздар туған жермен 2 аптадан соң қауышты. Жерлестеріміздің сапардан алған әсері мол.

Денис Аксенов,  автожорыққа қатысушы:
-Бізді осылай қарсы алып жатқандары, әрине, қуантады. Сапар көп қиындықтар туғызғанымен, жарыс та соған тұрарлықтай болды.

Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 10 адам қорғаған. Жолға 4 темір тұлпармен шыққан жерлестеріміздің арасында бір нәзік жан да бар. Спорттың аса қауіпті түріне жататын жарысқа қатысқан Яна Аксенова команда көшбасшысының жолдасы.

 

Яна Аксенова, автожорыққа қатысушы:
-Жол қиын болды, өрт апатына да жолықтық. Аса сақтық қажет болды. Сондықтан көз ілместен тура жүріп мақсатымызға жетуге асықтық.

Автошабандоздарға бұл жарыста “Нұр Отан” ХДП қолдау көрсеткен болатын. Сондықтан елге оралған автомобильдер тобын партия мүшелері қарсы алды. Салтанатты кездесуге спортшылар да келді. Олар өз әріптестеріне ізгі тілектерін жолдап, Астанаға шығарып салды.

 

Гүлден Сәрсенбаева