Жергілікті сүт өнімдерін шығарушылар негізінен табиғи сиыр сүтін пайдаланады. Сондай-ақ, құрғақ сүттен қалпына келтірілген өнімді ұсынатын тауар өндірушілер де бар. Бірақ соңғылары тауар сыртында “қалпына келтірілген ” деген ақпарат берумен ғана шектеледі.
Бейбіт Әбілев, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:
-Шетелдерден әкелінетін сүт тағамдарына қатысты әр түрлі жағдайлар болады. Тұтытнушы білмейді, “сүт ” деп жазылып тұрады. Сүттің неше түрі бар, қайта істелген, құрғақ сүт. Халық оқып, стандарттарға сай келетін сүтті қолдануы тиіс.
Тамыздың 3-інен күшіне енген Үкімет қаулысы бойынша ендігі уақытта өндіруші тауар туралы ақпаратты қаптамаға толық, әрі тұтынушы көзіне түсетін жерге орналастыруы қажет. Сондай-ақ май өнімдеріне қатысты ақпарат та орамада нақтыланатын болды.
Бейбіт Әбілев, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:
-Май – сиырдың қаймағынан шыққан май. Кәсіпкерлер неше түрін істейді. Сондықтан алдағы уақытта мал өнімдерінен шыққан май, өсімдік майы деп бөлінетін болады.
Бүгінде дүкен сөресінен “сары май” деген атауы бар, бірақ құрамының жартысына жуығы өсімдік майы болатын өнімді кездестіреміз. Енді тұтынушыға жалған ақпарат бергендерге, немесе мүлде тауар құрамы туралы мағлұматсыз қалдырушыларға заң бойынша жаза қолданылады.
Әсем Сембина