Денсаулық сақтау

Петропавлда жақында жаңа емхана ашылады



 

Бас мердігер – “Фирма Строитель” серіктестігі емхана құрылысын 2008 жылдың қараша айында бастаған. Жоспар бойынша нысанды үстіміздегі жылы желтоқсанда тапсыру көзделген болатын. Алайда  құрылыс фирмасындағылар  емхананы мерзімінен бұрын тапсырғалы отыр. Көп ұзамай медициналық мекеме алғашқы емделушілерді қабылдай бастайды.

 Олег Касмицкий,  “Фирма Строитель” ЖШС директорының орынбасары:
-Облыс басшылығының қолдауымен құрылысқа қосалқы 10-нан астам мердігер кәсіпорын жұмылдырылды. Бүгінде бұл жерде 185-190 адам жұмыс істеп жатыр. Емхананы мерзімінен бұрын тамыз айында тапсыруға мүмкіндік бар.

Бұл жерде екі емхана орын тебеді. Балалар емханасы -150, ал ересектерге арналған емдеу мекемесі 350 орынға шақталған. Осы күні кейбір корпустарға медициналық қондырғылар жеткізіліп те қойыпты. Құрылысшылар бүгінде жұмыстың тоқсан пайызы істелді дейді.

Анатолий Ильичев, құрылысшы:
-Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Линолеумды төсеп бітірдік. Терезелерді жөндеп жатырмыз. Бәрі кестеге сай жүргізілуде.

Емхана құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. 361млн. теңге қаражат бағытталған. Үстіміздегі жылы игерілген қаржы 238 млн. теңгені құрайды. Айта кету керек, қаламыздың жаңа ықшамауданында емханадан басқа тағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған.

Айымгүл Әбілева