Құқық қорғау органдары

«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталды

 

 

 

 

 
Бүгінгі күні қылмыстардың басым бөлігі ішімдіктің кесірінен болып жатады. Осыны ескерген тексеруші топтың басты мақсаты маскүнемдікке салыну фактілерін анықтау болды.

Елена Смагина, облыстық наркологиялық орталықтың дәрігері:
 – Тұрмыста ішімдікке салынғандарды анықтау үшін осындай шараларды полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүйелі түрде өткізіп тұрамыз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, ішімдік ішетін ата- аналармен алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Олардың балалары жазғы демалыс кезінде қараусыз қалады. Сондықтан осындай ішімдікке бой алдырғандарды тіркеуге алып, оларға емдеу шараларын қолданамыз.

Мир көшесі бойында орналасқан жатақханалардың бірінде комиссия  ішімдік ішу күн сайын болатынын анықтады. Ондайлардың арасында  жүкті әйел  де бар болып шықты. Өз еркімен емделгісі келетіндерді комиссия облыстық наркологиялық орталыққа жатқызады. Ал одан бас тартатындарды Жамбыл ауданындағы  Благовещенка селосында орналасқан арнайы мекемеге еріксіз емдеуге жібереді.

Жасын Біркенов