Қылмыс

Сиыр ұрлағандар қолға түсті

 

 

 

Үш  жас жігіт  зейнеткердің қорада тұрған малын түн жамылып ұрлап әкеткен. Бірден олжаны орманға апарып  сойып алған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ауыл сыртындағы қоқыстан жануардың терісін ғана тапты. Көп ұзамай бұл қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің ауылдасы мен көрші селоның тұрғындары  ұсталды. 25 -28 жас аралығындағы сезіктілер заңсыз істерін бірден мойындады. Олар мұндай қылмысқа ақша керек болғандықтан бардық дейді. Малдың етін   қала базарларының бірінде сатқан. Алайда тапқан пайдалары 30 000 теңгеден әрі аспаған. Ұсталғандар бұрын сотталмаған. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қолхатпен босатылды.

 Гүлмира Шоқтыбаева