ТКШ

Қалалық әкімдік аулаларды көркейтуге көмектеседі

 

 

 

Бүгін қалалық әкімдікте өткен арнайы комиссия отырысында жәрдем көрсетілетін пәтер иелері кооперативтерінің тізімі бекітілді. Жалпы комиссия қарауына 40 өтініш түсіпті, олардың 37-не көмек көрсетілетін болды. Бұл үйлердің тұрғындары өз аумақтарын абаттандыру үшін қандай жұмыс атқарылғанын, қанша қаржы жұмсалғанын растайтын құжаттар тапсырған. Жергілікті билік жолдарды асфальттауға, ойын алаңдарын жасауға жәрдемдеспек. Және бұл ретте қандай көмек керегін тұрғындар өздері  таңдайды.