Қылмыс

Ұрылар бір сағаттың ішінде қолға түсті

 

 

 

Үй ауласындағы көліктің жоғалғаны туралы хабар ІІД жедел басқару орталығына таңғы сағат 4 шамасында түскен. Қозғалтқыштың гүрілінен оянған үй иесі белгісіз ер адамдардың көлігін айдап әкеткенін көріп бірден дабыл қағады. Алайда зейнеткердің темір тұлпары алысқа ұзай қоймады. Ақ түсті «Ваз -2101» Крылов және 314 –ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында тоқтатылды.Көлікті үйреншікті істеріне басқан екі қала тұрғыны айдап әкеткені анықталды. Олардың бірі бұрын ұрлық пен тонау жасағаны үшін сотталған-ды.   Күдіктілердің ойлары жүзеге аспай  көлік  иесіне қайтарылды.  Қазір  ҚР ҚК 185- бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Күдіктілер ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды.

Гүлмира Шоқтыбаева