Бизнес және экономика

Альянс банкінің жаңа бағдарламалары

 

 

Бөлшек несиелеу саласында Альянс банк жетекші қаржы институты болған. Бүгінде қаржы портфелін сауықтарған банк тауар сатып алу үшін клиенттерге өз қызметтерін ұсына бастады.

Вадим Никулин, “Альянс Банкі” АҚ Петропавл қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары:

-«Альянс банкі» бөлшек несиелеуде клиенттерге ерекше бейімделген еді. Біз бұл рынокта зор тәжірибе жинақтадық. Сондықтан өнімдеріміз біздің тұрақты клиенттерімізді де , жаңаларын да қызықтыруы қажет.  

Жылдамдық мен қолжетімділікті қалайтын клиенттер экспресс-несиелеу талаптарын бағалай алады. Мұндай несие түрі кепілдікті қажет етпейді және ақша лезде шығарылатын «Виза инстант» карточкасына аударылады. Экспесс-несие 1,5 миллион теңгеге дейін беріледі. Ал бұдан артық қаржы үшін кепілзат қажет. Бұл ретте несие кепілдікке қойылатын мүлік құнының 70 пайызына дейін беріледі. Банк несие алушылар құжаттарын, мүмкіндіктерін сараптау мәселесіне ерекше көңіл аударады.

Вадим Никулин, “Альянс Банкі” АҚ Петропавл қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары:

-Біз тәуекел -менеджменттің үйлестірілген жүйесін қалыптастырдық. Несие алушыларды іріктеу, шешім қабылдау мәселесіне өте мұқият қараймыз. Несиені кредиттік тарихы жақсы, соңғы алты айда тұрақты жалақысы бар клиенттер алады.

Ал несиесі барлар үшін Альянс банк тұтынушылық және ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландырудың тиімді бағдарламасын ұсынады. Бұл бар қарызды өтеп, әлдеқайда тиімдірек шарттар бойынша несие алуға мүмкіндік береді.

Вадим Никулин, “Альянс Банкі” АҚ Петропавл қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары:

-Клиенттер арасында сұранысқа ие қайта құрылымдау бағдарламасымен қатар біз ипотекалық және тұтынушылық несиелерді қаржыландыруды ұсына бастадық. Яғни, клиент қарыз бойынша жаңа жеңілдетілген несие өтеу кестесіне ие болады.

Экспресс-несие, қайта қаржыландыру бағдарламасы- бұл жаңа өнімдердің барлығы банктің өз мүмкіндігімен қаржыландырылады. Бұл банктің жағдайының түзелгендігінің белгісі.

 Әсем Сембина