Мәдениет

Қайрат Нұртастың концерті

 Араға бір  жыл салып, Петропавлға тағы келген жас әнші Қайрат Нұртас концерт алдында халықты біраз қобалжытты. Сағат 7-де басталады деп жоспарланған концерт жарты сағатқа кешікті. Дегенмен  ештен кеш жақсы демекші, жолда біраз тығырықтарға жолыққан Қайрат сахна төрінен көріне сала залдағыларды бірден баурап алды.Жас жұлдыз өнер жолына түскелі репертуарлық қорына 70 шақты ән жинаған. Шығармашылық табыстарының көбі өз өмірімен байланысты. Туындылардың әні мен сөзі белгілі ақын, әрі сазгер Бауыржан Есебаевтікі. “Кеш еді”, “Үнсіз махаббат”, “Қызыл гүлім-ай” әндерімен тыңдарманның құлақ құрышын қандырған талант иесі “Мама, мама” әнімен ақ жаулықты аналардың көздеріне жас алғызды. Атап өту керек, бұл ән Қайрат Нұртас үшін ерекше. Себебі, үйде де, түзде де әрдайым қасында жүретін анасы Гүлзира Айдарбекова оған продюсерлік қолғабыс жасайды.

  Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Үйде уайымдап отырғанша, қасында жүргенді қалаймын. Келесі жылы репертуарында жоқ әкесіне, туған жеріне арналған әндер жазамыз.

Жас болса да, өнер жұлдыздары арасынан суырылып шыққан Қайраттың алға қойған жоспарлары ауқымды.

Қайрат Нұртас, әнші:
-Жақында Австралия, Монғолияға жеке концерт беруге кетіп бара жатырмыз. Менің жақында “Менің махаббатым” деген тағы бір альбомым шығады. Киноға түстім. Соған арнап “Ой” деген саундтрек түсірдім.

Гүлден Сәрсенбаева