Спорт

Мәреге мықтылар ғана жетеді

 

 

 

Біздің өңірде бұл жарыс үшінші рет өткізіліп отыр. Ал жалпы мұндай спартакиада екі жылда бір рет қана ұйымдастырылады. Оған мықтылардың мықтылары қатысады. Өйткені бұл жарысқа таңдалған жол  өте күрделі, оған екінің бірі шыдас бере алмайды. Велосипедшілердің айтуыларынша, біздің өңірдегі жарыс трассасы Қазақстандағы ең қиыны, онда құлап қалу қаупі де жоғары.  Айта кету керек, дәл осы жол кезінде талай  солтүстікқазақстандық велоспортшының шыңдалуына септігін тигізген болатын. 

Виктор Потапов, жарыстың бас төрешісі:

Біздің бүкіл велоспорт осы жерде  өсіп жатыр деуге болады. Күз келісімен барлық велошабандоздар осында жаттығады, сондықтан біздің веломектеп тәрбиеленушілері барынша шыңдалған, өзіне өзі сенімді болады.

Бұл – жарыстың екінші күні. Бұған дейін шығысқазақстандықтар көш бастады. Оның құрамында ел құрамасының мүшелері бар. Жақында ғана Ресейде өткен халықаралық жарыстан оралыпты. Біраз уақыт солтүстікқазақстандықтар оларға дес бермеді.  Мәреге жеткенше бәсекелес болған да осы екі команда.  Ең соңғы кезеңде ғана Роман Балашов суырылып алға шығып, Қазақстан чемпионы атанды. Ол маунтинбайкпен төрт жылдан бері айналысыады екен.
 
Роман Балашов, жарыс жеңімпазы, Өскемен қаласы:

Өте қуаныштымын, жол ауыр, бәсекелестерім мықты болды, бірақ мен бәріне шыдап, жеңіске жеттім.