Спорт

Кикбоксшылар жеңіспен оралды

 

 

 

 

Іріктеу ойындарына 17-18 жастағы кикбоксшылар қатысты. 16 жасар Инабат Малғаждарова 48 кг салмақта өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Спортшы үшін алғашқы кездесу сәтті болды. Ал көкшетаулық кикбоксшыға тәжірибенің аздығынан ғана есе жіберіп алдым дейді ол.

Инабат Малғаждарова, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері:
-Менің жоспарым – Қазақстан біріншілігінен      келесіде 1-ші орын алу. Ол үшін жақсы дайындық қажет, бапкерлердің талаптарын орындау қажет және көп еңбектену.

Ал Абзал Байзақовтың чемпионатқа барғанда көздегені алтын медаль болатын. Алайда жеңіске жету үшін оған спорттағы шеберлік емес, ауыр жол мен аптап ыстық кедергі келтіріпті. Қазақстан чемпионатына Абзал осымен 3 рет қатысып келді. Алғашқы жеңісін қайталай алмағанына спортшы аздап өкініш білдіреді.

Абзал Байзақов,  ҚР чемпионатының қола жүлдегері:
-Жарыс жақсы өтті, жақсы қарсы алды. Мен семейлік қарсыласымды 2/1 мен жеңдім. Павлодарлықтан жеңіліп қалдым.

Еліміздің әр түкпірінен жас таланттарды жинаған додада солтүстік өңірдің намысын 4 спортшы қорғады. Төртеуі де бар өнерлерін салып, жүлделі орындарды иеленді. Алайда халықаралық аренада топ жару үшін оларды әлі де шынықтыра түсу керек дейді бапкер.

Сабырған Сақтағанов, СҚО жастар арасындағы кикбокстың аға бапкері:
-Балалар жақсы өнер көрсетті.
Екеуі құрамға ілікті. Бірақ оларды әлі дайындау керек. Жақсы дайындықпен барып, жақсы нәтиже көрсету керек.

Аталған 4 жеңімпаздың қатарында Айбек Төлебаев пен Тамерлан Сабыров бар. Осы екі спортшы енді Сербияның Белгород қаласында өтетін сайысқа қатысуға дайындалады.  

 Кәусар Аяпбергенқызы