Қоғам

Өз құқығыңды білу маңызды



 

Еңбек кодексі еңбек адамының құқықтарын толық қорғай алады.  Алайда өзінің заңды құқығын білмей, опық жеп жүретін жандар қоғамда аз емес. Олардың қатарына әсіресе жастарды жатқызуға болады. Бүгінгі отырыс жиналғандарды заң баптарымен таныстыруды мақсат етті.

Наталья Худинова,  СҚО «Белсенді жастар» қоғамдық ұйымының менеджері:

-Біздің мақсатымыз – осындай семинарлар арқылы адамдардың қызығушылығын ояту, жастарға қажетті мәліметтерді жеткізу. Себебі әр адам кез келген жағдайда өзін қорғай білуі тиіс.

Семинарға аулалық клубтардың жетекшілері де қатысты. Олар осында біліп, түйгендерін өздерінің клубтарына келіп жүретін балаларға жеткізуді ойлайды. Жеткіншектер үшін оның маңызы зор.

Гүлмира Смағұлова, «Балдырған» аулалық клубының ұйымдастырушы-педагогы:
-Біз «Өз құқығыңды білесің бе?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткіземіз, балалармен пікір алысамыз.

Ал студенттерді кейбір жұмыс берушілердің еңбекақыны толықтай өтемеуі алаңдатады. Жиынға келгендердің арасында да мұндай келеңсіздіктерге тап болғандар бар. Егер еңбек заңын біліп тұрсаң, құқығың аяққа басылмайды дейді жиылғандар.

Айжан Үкенова,  Әл-Фараби мектеп-лицейіндегі «Әлем» волонтерлар орталығының мүшесі:
-Менің ойымша жастар осындай мәселелерді аз біледі. Себебі мұндай жиындар мектептерде аз өтеді. Оларды жиі өткізуге болады деп ойлаймын.

Бұл «Заң және мен» тақырыбында ұйымдастырылған екінші отырыс. Болашақта мұндай семинарлар ауылдық жерлерде де өткізіледі.

 Кәусар Аяпбергенқызы