МТРА жаңалықтары

Темекі қорабындағы есірткі

 

 

 

31 жастағы әйелдің есірткі заттарын тасымалдаумен айналысатыны тергеушілерге алдын ала белгілі болған. Сол мәліметті тексеру үшін қала тұрғынының пәтеріне тінту жүргізу барысында үстелдің суырмасынан героин есірткісі табылды.

Азамат Ақмағамбетов, Петропавл станциясындағы тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі:
-Петропавл қаласы тұрғынының үйін тексерген кезде темекі қорабынан есірткі табылды.
Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қамауға алынды.

Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәркіленген есірткі заттарын  әр он күн сайын жойып отырады. Осы жолы отқа жағылған есірткінің 110,77 грамы марихуана, 58,98 грамы героин болды.  

Сергей Галеев, уақытша ұстау изоляторының бастығы:
-Бүгін өте үлкен мөлшердегі есірткіні жойдық.
Оған 6 адамнан тұрған комиссия, медицина және прокуратура қызметкерлері, сот орындаушысы қатысты.

Өткен айда желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлері 300 грамм шамасындағы марихуана мен 3 граммдай героин затын жойған болатын.

 

Кәусар Аяпбергенқызы