Бизнес және экономика

Қарыз ауыртпалығын жеңілдететін бағдарлама

 «Альянс Банк» ұсынған қайта қаржыландыру бағдарламасы несиелерін қайтара алмай жүрген азаматтарға арналған. Жаңа бағдарлама берешек мөлшерін азайтуға бағытталған. Несие алушы әр азамат берешектің пайызы аз болғанын қалайды. Сондықтан «Альянс Банк» өз клиенттеріне ерекше қызмет түрін ұсынады.

Вадим Никулин,  “Альянс Банк” СҚО филиалы директорының бөлшек бизнес  бойынша орынбасары:
– Мәселен, займ алушы жылдық мөлшерлемесі 20 пайызды құрайтын несие рәсімдеген болса, біздің банктен жаңа кредит алып, бұрынғы қарызын бірден жабады. Ал кредиттің жылдық пайыздық мөлшері 15 пайыз болады.   

Қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес займ алушыға қойылатын бір талап – кредит 20 жыл ішінде өтелуі тиіс. Жаңа жүйенің шарты бойынша ең жоғары займ көлемі – 30 млн теңге. «Альянс Банктің»  қайта қаржыландыру қызметі Қазақстанның кез келген банкінің клиентіне көрсетіледі.

 

 

Вадим Никулин,  “Альянс Банк” СҚО филиалы директорының бөлшек бизнес  бойынша орынбасары:
-Бізге қандай да болмасын банктің займ алушысы келсе, оған көмек береміз. Тек несиені уақытылы төлейтін, жауапты клиент болуы керек.

Займды рәсімдеу үшін несие алушы банк белгілеген құжаттарды әкелуі қажет. Айта кету керек, келісім жасаларда  кредит алушының соңғы жарты жылдағы айлық табыс көлемі міндетті түрде есепке алынады.

Гүлден Сәрсенбаева